Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Қайролданова
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Ішкі дерт сыртқа шықпай қоймайды

Қазақта "жиде ағашы гүлдегенде" деген сөз тіркесі бар. Бұл әдетте көктемде қозатын ауруларға қатысты айтылып жатады

Бүгінде жүйкесі сыр бермейтін адамды кездестіру мүмкін емес сияқты. Арпалысқа, күреске толы өмірдің асау белестерін "бағындырып" жүріп, бағытынан жаңылатындар да басым. Осы күйін асқындырып алатындар облыстық психоневрологиялық диспансердің емін алуға мәжбүр.

Дәрігерлер көп аурудың көктемде өріс алатынын растайды. Кейбір психологиялық ауытқушылықтардың  аузы да жылдың дәл осы кезеңінде ашыла бастайды екен.
- Шындығында, хронобиологиялық заңдылыққа байланысты, көптеген психикалық ауытқушылықтар маусымдық асқыну сипатына ие. Бұл категорияға эндогендік және экзогендік-органикалық психикалық бұзылыстарды жатқызуға болады, - дейді облыстық психиатриялық диспансердің бас дәрігерінің міндетін атқарушы Талғат Камиев.
Диспансерде 20 мыңға жуық азамат жүйке ауруына шалдыққан науқас ретінде тіркелген. 260 орынға арналған аурухана науқасқа лық толы. Белгіленген орыннан бөлек, 65 күндізгі стационар орны бар. Сондай-ақ, есепте тұратын пациенттер санының мәліметтері динамикалық сипатта, яғни, пациенттердің күнделікті белгілі саны есепке алынады және диспансерлік есептен шығарылады. Ал тіркелмегені қанша?!

Психотерапевт дәрігерлер адамдардың 90%-ын невроз ауруына шалдыққандар деп есептейді. "Елемеген ауру жаман, ескермеген дау жаман" демекші, расында да жүйкенің жұқаруы түрлі ауруларды қоздырып, тіпті, мүгедектікке де алып келеді. 
Талғат  Камиевтің айтуынша, ауруды дер кезiнде аңғарып, тиiстi мамандарға жүгiне бiлсе, бұл дерттен айығуға болады. Себебi, қазiр медицина өте қарқынды дамуда. Осы дертке шалдыққан адамдардың 25%-ы ғана психотерапевтке келiп қаралатын көрiнедi. Ал қалған бөлiгi ауруын елемей жүрудің кесірінен дерттің екінші түріне "психозға" өтеді. Психоз - жүйкенің толықтай ауытқуы. Қарапайым тілмен айтсақ - жындану. Жынданудың алдын алу үшін стресс, депрессия деген психологиялық құбылыстарды жеңе білу керек. Ал мұндайда "мен жынды емеспін" деп психологтарға үрке қарайтындар көп. Әсіресе,  қазақ менталитеті дертті дер кезінде қараудан шектетеді. Шындығында,  психологтың кеңесін алып тұруда еш әбестік жоқ.

Практик-психолог, журналист Жанар Байсемізованың сөзінше "бұл ғасыр – темір ғасыры, яғни, қатты энергиялар ғасыры". Иә, бүгiнде рухани дағдарыстың салдарынан көп отбасы ұрыс-керiстің ошағына айналды. Осы сияқты тіршіліктің түйткілдерін уайымдап, жүйкелерiн жұқартқан азаматтар соңында денсаулығының қалайша сыр бергендігін және психикалық ауытқушылыққа бой алдырғанын байқамай да қалады. Жүйкесі жұқарғандардың қатары осылайша күн сайын толығып жатыр.

Ал жүйкесі сыр бергендердің жас ерекшеліктерін алатын болсақ, диспансерде бұл дертке шалдыққандар арасында бозбала-бойжеткендерден бастап, қарттарға дейін бар. 
- Психикалық бұзылыстармен барлық жас санатындағы тұлғалар зардап шегеді, әр жастың өзіне тән ерекшеліктері бар, сондықтан пациенттердің орташа жасы туралы айту мүмкін болмай тұр, - дейді облыстық психоневрологиялық диспансердің дәрігер-маманы.
Психологтардың айтуынша, жүйкесінде "жүгі" жоқ, қалыпты адам кез келген жағдайда тығырықтан шығудың жолын iздестiредi және өлiм туралы мүлде ойламайды. Айта кетейік, Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымының деректерi бойынша, әлемде 450 миллионнан аса адам түрлi жүйке ауруларымен ауыратын көрiнедi. Оның 300 мыңға жуығы Қазақстанда тұрады екен.
Следующая →
Тақырыптар: ШҚО Көктем Стресс