Өскемен
ясно
+18°
  • Өскемен
    +18°
  • Алматы
    +28°
  • Астана
    +27°
  • Ақтөбе
    +27°
  • Актау
    +29°
  • Орал
    +29°
  • Қарағанды
    +26°
  • Көкшетау
    +26°
  • Қостанай
    +27°
  • Қызылорда
    +36°
  • Павлодар
    +24°
  • Петропавловск
    +24°
  • Тараз
    +31°
  • Туркестан
    +24°
  • Шымкент
    +32°
$
459.6
-0.15
493.06
-1.08
¥
63.3
-0.05
5.38
-0.16
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Су бөгеті биыл жөнделіп бітеді

Жарма ауданындағы Шар су қоймасының орталық каналы мен тоғаны биыл жөнделіп бітеді

Осылайша, елу жыл бойы жөндеу көрмеген, мүшкіл халде жатқан су бөгеті бұл жылы, аздап болсын, өз қалпына келмек. 

Кеңес кезінде 15 мың гектар жерді суаруға жететін, 80 миллион текше метр суды сақтай алатын қойманың қазірде не шлюзі, не каналы жұмыс істемейді. Суды ұстап тұруға қауқары жоқ. Ал бөгетке үш жыл бойы жөндеу жұмыстарын жүргізген "Қазсушар" мекемесі биыл қойманың кейбір бөліктерін қалпына келтіріп, үш мыңға жуық гектарға су жібермек ойда екен. Су қоймасын жандандыруға 1,6 млрд теңге қаржы құйылғаны белгілі. 
- Бүгінде бұл қойманың маңында 1835 гектар суармалы егіс алқабы бар. Суармалы жердің аты бар да, заты жоқ. Суға жарымай отыр. Ал "Қазсушар" мекемесі биыл Шар су қоймасының тоғаны мен орталық каналын жөндеп бітеміз деп отыр. Егер қойманың бұл бөліктері жөнделсе, онда тағы да 1100 га жерде суармалы егіс алқабы пайда болады, - дейді Жарма ауданы әкімі Нұрлан Сыдықов.
Одан бөлек, аудандағы бес су каналының да жағдайы мәз емес көрінеді. Қорықшар, Бөгенбай, Ақтоған сынды магистральды каналдар да мүшкіл халде. Аудан әкімі бұл арықтарды да жөндеп, алдағы уақытта суармалы егістікті 15 мың гектарға дейін көбейткісі келеді. 
Следующая →