Таврия ауылында жігіт жас қызды соққыға жыққан
Қызды көрші ауылдың жігіті соққыға жыққан, 21 жастағы қыз көз жұмды
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жас қыз өзінің жігітінің достарымен плотина жаққа демалуға кеткен. Қыз бен жігіттің арасында не болғаны белгісіз. Алайда қызды аурухана жеткізген кезде, дәрігерлердің айтуынша, дене сүйектерінің көбі сынған, іштен қан кеткен...
- Ұлан ауданы Ішкі істер бөлімі Қылмыстық Кодекстің 106-бабы, 3-тармағы «Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс ашылған. Привольный ауылының 23 жастағы күдікті жігіті ұсталған, - дейді ШҚО ІІД.
Полицейлер қылмыстың анық-қанығын әлі айтқан жоқ. Бұл тергеу амалдарын құпия ұстауға байланысты.