Зырянда 30 шақты үй әлі де су астында жатыр
Ал суды сорып алуға екі күндей уақыт кетпек
Облыс әкімі Даниал Ахметов су басқан Глубокое ауданының жағдайымен танысып қайтуға барып, жергілікті әкімдікті сынады.
Аймақ басшысы Белоусовка кентіндегі жағдайды жақсарту үшін Глубочанка өзенін кеңейтіп, көпірді жөндеуге тапсырма берсе, Прогресс ауылындағы жұмыстарға көңілі толмады. Оның үстіне, жергілікті әкімдік зардап шеккен үйлерді жөндеп берудің орнына, қажетті құрылыс материалдарын құр таратып бере салған.
- Зырян ауданындағы жағдайы қиын. Мұнда 29 үйден әлі су қайтқан жоқ. Бүгін-ертең суды сору жұмыстары аяқталуы керек. Ал 72 үйді жөндеу жұмыстары жасалуда, - дейді Даниал Ахметов.
Следующая →