ШҚО әкімі Глубокое ауданына инспекциялық тексеру жүргізді
Облыс басшысы су тасқының салдарын жоятын және зардап шеккендердің үйлерін қалпына келтіретін мердігерлердің жұмысын тексереді
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Глубокое ауданындағы жағдай тұрақтанды. Қалпына келтіру жұмыстары екі ауыл мен екі кентте жүргізіледі.
Осылайша, Белоусовкада Глубочанка өзенінің бөгеті нығатылып, арна тереңдей түскен, 18 жеке үйлерде жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Прогресс ауылында 15 тұрғын үйді қалпына келтіруде және 10 үй жөндеуден өтті.
Предгорное ауылы су тасқынынан көп үйлер зардап шекті. 31 ғимарат - Предгорное ауылында,9 ғимарат –Глубокое ауылында жөндеуден өту керек.
Барлығы 184 үйге техникалық тексеріс жүргізілді, өтемақы төлеуге 169 меншік иесіөтініш білдірген.