Өскемен
ясно
+18°
  • Өскемен
    +18°
  • Алматы
    +24°
  • Астана
    +23°
  • Ақтөбе
    +12°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    +22°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +20°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +25°
  • Туркестан
    +4°
  • Шымкент
    +20°
$
439.43
473.31
¥
60.98
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Пайдаланылмаған жер телімдері қайтарылуда

Облыста жалға алынған, бірақ пайдаланылмаған жер телімдері "тәркіленіп", мемлекетке қайтарылып жатыр

Ал Жарма ауданында екі жылда 25 мың гектар жер қазынаға қайтарылған. 

Қазір елде иесі бар, алайда егін егіліп, мал жайылып не нысан салынып қолданудың орнына, құлазып бос жатқан жерлер кәсіпкерден тартып алынып, мемлекет құзыретіне қайта беріліп жатқаны белгілі. Бұл жұмыс бір шаруа оқсата алмаған жерді келесі бір шаруа қажетке жаратар деген оймен жасалып отыр. Алқабы қазба байлыққа толы, бірақ мал, бау-бақшамен де қатар айналысатын Жарма ауданы бос жатқан жерлерді қазынаға қайтаруға белсенді түрде кіріскен. 
- Аудандағы жерлердің басым бөлігі - жайылым. Бірақ егістік жерлер де бар. Шамамен, 54 мың гектар жер егін егуге арналған. Алайда бұл жерлердің көбі пайдаланылмайды. Кейбір шаруалар кей жылдары ғана егін екпей, күн райына қарайтын болса, кейбірі үзақ жылдар бойы егін екпейді, не мал бақпайды. Біз сондай шаруалармен соттасамыз. 2016 жылы 17 жер иесінен 20 мың гектар жер телімі қайтарып алынса, 2017 жылы 10 жер пайдаланушыдан 5 мың га жер учаскесі қайтарып алынды. Биыл 18 кәсіпкерден жер телімдерін қайтарып алуды ойлап отырмыз, - дейді аудан әкімі Нұрлан Сыдықов.
Аудан басшысының айтуынша, биыл қыста қар аз, аяз құрғақ, ылғал кем болғандықтан, диқаншылардың көбі егін егуден бас тартып отыр. Аудандағы егістіктің өзі мол өнім бере қоймайды. Өйткені жер құнарсыз. Оның үстіне, 15 мың гектар жерді суаруға жететін Шар су қоймасы әлі жөнделіп біте қойған жоқ. Ал биыл ылғал аз  түскендіктен, шаруаның басым бөлігі басын бәйгеге тігуден мүлдем бас тарпақ.  Биыл, шамамен, 31 мың га жерге егін егілуі мүмкін деген жорамал бар.   
Следующая →