Семейліктер құтқарушылар мен коммуналды мекеме қызметкерлеріне алғыс білдіреді
Бұл екі мекеме қызметкерлері күннің ызғарына қарамастан су басқан көшелерді судан толық арылтты
29 наурыз күні Семей қаласындағы Краев көшесін су басқан болатын. Ондағы жер үйлерге енген су терезе алды тақтайына дейін көтерілген. Ондағы тұрғындар уақытша туыстары мен эвакуациялық орындарға көшілірген.
Келесі күні су алған ауданға құтқарушылар мен коммуналды мекеме қызметкерлері жеткен. Олар күндіз сағат екіден түннің ортасына дейін көшені судан арылтты.
Тұрғындар әлі үйлеріне қайтарылған жоқ. Өйткені онда тұру мүмкін емес. Оқиға орнында комиссия тексеріс жүргізіп, келген шығынды есептеуде.
Келесі күні су алған ауданға құтқарушылар мен коммуналды мекеме қызметкерлері жеткен. Олар күндіз сағат екіден түннің ортасына дейін көшені судан арылтты.
- Күн суықта да қызметкерлер түннің ортасына дейін жұмыс істеді. Соның арқасында пештеріміз қатып қалмады. Осы азаматтарға бүкіл көше тұрғындары атынан алғыс айтқым келеді, - дейді Краев көшесінің тұрғыны Ольга Сургутанова.
Тұрғындар әлі үйлеріне қайтарылған жоқ. Өйткені онда тұру мүмкін емес. Оқиға орнында комиссия тексеріс жүргізіп, келген шығынды есептеуде.
Следующая →