Өскемен
ясно
+19°
  • Өскемен
    +19°
  • Алматы
    +20°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +13°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +15°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +7°
  • Қостанай
    +9°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +14°
  • Петропавловск
    +7°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +11°
  • Шымкент
    +22°
$
443.16
+0.13
480.39
+0.01
¥
61.18
-0.01
4.94
+0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Алия Тенизбаева
Ақпарат көзі:
Устинка

Волгоградта қазақстандық жауынгерлерге арналған ескерткіш ашылады

Волгоградта Сталинград үшін шайқасқан қазақстандық жауынгерлерге арналған ескерткіш ашылады

Бүгін Даңқ мемориалы аумағында ардагерлер, қаланың құрметті азаматтары Ресейдің Волгоград  қаласына бару үшін жиналды. Себебі Волгоград қаласында 27 сәуір күні қазақстандық жауынгерлерге арналған ескерткіштің ашылуы болмақ.
- 1942 жылдың қаңтарында Өскеменде 96-шы қазақстандық кавалерия дивизиясы құрылды. Біздің көптеген отандастарымыз өз өмірлерін соғыста құрбан етті. Сондықтан, гранит мемориалының ашылуы маңызды оқиға, - деді ІІБ кадрлар бөлімі бастығының орынбасары Марат Баяндинов.
ШҚО ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, алдымен Шығыста жиналған топ Алматы қаласының республикалық қоғамдық бірлестігіне барады. Одан кейін Генералдар кеңесі делегациясы Волгоградқа ұшатын болады.
- Соғысқа қатысушының ұлы болғандықтан мен үшін бұл өте маңызды, - дейді ШҚО ТЖД кадрлар бөлімінің бастығы Бауыржан Жүрекбаев. - Жас ұрпақ бұрмаланған нұсқаны емес, нақты тарихты білуі керек.
Сәуір айының аяғында Өскемен топырағы Мамаев қорғанына жеткізіледі.
Следующая →