Өскемен
пасмурно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +14°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +22°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +16°
$
441.44
-1.91
473.09
-2.45
¥
60.96
-0.22
4.75
-0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Қазақ телевизиясына алпыс жыл

Қазақ телевизиясына биыл - алпыс жыл. Облыстық телеарна үшін бұл үлкен мерейтой

Өйткені ел тарихында Алматы қаласындағы республикалық телеарнадан кейін екінші болып дәл осы Өскемен қаласындағы аймақтық телеарна ашылған болатын. Бұл тарихи дата 16 наурызға дөп түсті. 

Астана қаласында өткен алпыс жылдық мерейтойға арналған, қазақ телевизиясының тарландарына құрмет көрсетілген салтанатты шарада «Алтай» арнасының екі бірдей ардагері - Алтынай Мағзұмова мен Әсира Нажмаддинова  мерейтойлық медальмен марапатталған болатын. 

Соған орай, қазақ телевизиясының киелі шаңырағы - Өскемен телестудиясының, қазіргі «Алтай» арнасының мәртебелі қызметкерлері естеліктерімен бөліскен еді. 

Ескі таспалар өңделуде

Телевизия саласына осыдан отыз үш жыл бұрын келген, диктор, жүргізуші, тілші қызметтерін атқарған Алтынай Мағзұмова қазір телеарнаның мұрағатшы маманы болып отыр. Алпыс жыл бойы жиналған алтын қордағы сирек деректер мен мағлұматтарды өңдеумен айналысады. Ескі кинопленка мен кассеталарды, дискідегі бейнебағдарламаларды ақпараттық жүйеге көшіруде. Ал көшірілген бейнедеректер эфирге шығарыла бастаған. 
- Біз жаңа жылдан бастап алтын қордағы бағдарламаларды өңдеп, эфирге дайындап жатырмыз. Сонау алпысыншы жылы түсірілген бейнедеректер бар. Мәселен, осы жылдары құрылған Тарбағатай ауданындағы Ақжар халық театрының Мәскеуге барып, республикада тұңғыш рет Кремль сахнасында "Қарагөз" спектаклін қойып, көрерменнің көзайымы болған сәті біздің мұрағатта сақталған екен. Бұл бейнетаспаның құнына баға жетпейді. Ол сапарда Ақжар театры халық театры атағын алған болатын, - дейді Алтынай Мағзұмова.  
Ал көпті көрген маман аймақтық телестудияның неліктен дәл Өскеменде ашылғанын былайша түсіндіреді. 
- Соғыстан кейінгі жылдары үнжырғасы түскен халықтың рухын көтеруде телевизияның атқарған рөлі теңдессіз болды. Еңбек адамын дәріптеп, оған құрмет көрсеткен телевизия халықтың өмірге деген құлшынысын оятты. Ал Қазақстан - металлургияның отаны болатын. Оның ішінде, Өскемен қаласы өнеркәсіп пен өндірістің ошағы болғандықтан, кенші жұмысшылардың еңбегін насихаттап, рухын көтеру үшін де алғаш осы қалада телеарна ашылған деп ойлаймын, - дейді Алтынай Мағзұмова.
Маманның айтуынша, қазіргі уақытта өңірлік телевизия ақпаратты дереу, шапшаң тарату мақсатында бар күшін салуда. 
- Өңір жаңалықтары алдымен арнаның сүзгісінен өтіп, елге тарайды. Сол себепті өңірлік арнаның маңызы зор. Ақпарат ағыны мол заманда қимыл ширақ болғаны жөн. Жаңалық пен оқиғаны дәл уақытында жеткізуге күш салып, еңбек етудеміз, - дейді ардагер маман.

Көрерменнің талғамы өзгерген


Ал Қарағанды облысының тумасы, Өскеменге отыз жыл бұрын қоныс аударған, телевизия саласында жиырма жылдан аса қызмет еткен Әсира Нажмаддинова бүгінде "Алтай" арнасының шеф-редакторы болып қызмет атқарады. Көпке үлгі болған абзал жанның айтуынша, журналист болуды бала күнінен армандаған. Қарағанды облысы, Шет ауданында дүниеге келген болашақ тілші Карлаг, АЛЖИР, Степлаг еңбек лагерлерінде болған зиялы қауым өкілдерінен мол білім алған. Журналист болуға оқып-тоқыған, мұраты биік жандардың да ықпалы көп болғанға ұқсайды. 
- Түзету лагерьлерінде болған тұтқындардың барлығы Қарағандыда қалды. Олардың арасында білімді, зиялы жандар көп болған. Олар мектепке мұғалім болып орналасып, бізге сабақ берді, мол білім сыйлады. Елдегі үздік мектептердің бірі болдық, - деп еске алады Әсира Нажмаддинова.
Ал телевизия саласына ат басын бұрған жылдарын ардагер-тілші былайша еске алады. 
- 1997 жылы Шығыс Қазақстан облыстық радиосы мен телеарнасы бірігіп, бір мекеме болып құрылды. Сол кезден телевизия саласына аяқ бастым десем болады. Бұл жылдары қазақша бағдарламалардың үлесі аздау еді. Бір күні тек орыс тіліндегі, екінші күні тек қазақ тіліндегі бағдарламалар эфирден берілетін. Ал жаңалықтар екі тілде қатар тарады. Қазір қазақ тілі мен орыс тілінде таратылатын хабарлардың үлесі тең. Яғни, бір хабардың орысша да, қазақша да нұсқасы бар, - дейді шеф-редактор.
Маманның айтуынша, бұл жиырма жылдың ішінде көрермен де өзгерген. 
- Алғашқы жылдары халықтың, көрерменнің сыни ойлау қабілеті басым болатын. Телеарнаның тіршілігіне бір адамдай араласып, ойымен, пікірімен бөлісетін. Жан-жақтан хабарласып, сын айтып, мін түзейтін. Одан бері халықтың сауаты өсті. Бірақ ақпарат пен таңдаудың көптігінен көрермендердің талғамы өзгеріп, өзіне қажетті кез келген телеөнімді тауып, көре алатын деңгейге жетті. Соның себебінен сыни ойлау мәдениеті төмендей бастаған сыңайлы, - дейді маман.
Аталған алпыс жыл аясында арнаның өз мектебі қалыптасып үлгерген. 
- Елде Өскемен студиясынан тәрбие алған мамандар жоғары бағаланады. Өйткені кәсіби маман иелері түлеп ұшатын журналистиканың арнайы мектебі құрылып, ұстахана қалыптасқан. Келген тілшіге де, операторға да зор талап қоямыз, қатал үйретеміз. Басты мақсатымыз да маманды кәсіби түрде шыңдау, - дейді тілші-ұстаз. 
Телеарнаның қазіргі бағыты әлеуметтік-экономикалық тақырыптағы өнімдермен бірге руханият пен мәдениет сарынындағы телебағдарламаларды жасауға бет алған. Аталған бетбұрыс аясында "Шығыс өнімдері", "Киелі Алтай", "Латын ғасыры", "Алтай есімдері", "Рухты Алтай", "Айтпаса, болмайды", "Ауылдың бір күні", "Жүр қыдырайық", "Аймақ тынысы" сынды бағдарламалар дайындалып, көрерменге ұсынылса, елдің әлеуметтік мәселесін көтеретін "Басты мәселе" атты жаңа бағдарлама алда телекөрерменге жол тартпақ. 
Следующая →