Өскемен
ясно
+20°
  • Өскемен
    +20°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +23°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +19°
  • Көкшетау
    +22°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +19°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +21°
$
443.44
480.51
¥
61.36
4.88
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменде латын қарпімен жазу жазудан жарыс өтті

"Латын графикасы - өркениет жазуы" атты акциясы аясында ұйымдастырылған жарыстың бас жүлдесі иегеріне қазақтың қара домбырасы берілді

Облыстық тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырған жарыс төрт кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңнің шарты бойынша сөздерді латын қарпімен 60 секунд ішінде жазу керек болды. Бұл кезеңге 42 адам қатысты. Келесі кезеңге өткен 28 қатысушы мақалдың екінші жартысын тауып қана қоймай, 120 секунд ішінде оның жалғасын латын графикасында жазды. Үшінші кезеңде қатысушылар күрделі сөздің құрамындағы әріптерден бірнеше сөз жазудан бәсекеге түсті. Ол кезеңнен 3 сайыскер жылдамдық танытып, соңғы кезеңге өтті. Соңғы кезеңде көк экранға берілген суреттерге қарап, сөйлем құрастырып, оны латын графикасымен сауатты жазған сайыскерлердің ішінде Жұпар Хуан 1-орынды, Ерлан Магданов 2-орынды, Еркежан Мұратқызы 3-орынды жеңіп алды.

- "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында өткізілетін іс-шараның мақсаты - латын графикасындағы жаңа әліпбидің мән-маңызын көпшілікке таныстыру, тұрғындардың жаңа әліпбиге қызығушылығын арттыру еді. Бұл мақсат орындалды, - дейді ШҚО Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Айдын Шаймарданов.


Следующая →