Өскеменде ойыншық тапаншамен екі ер адам дүкенді тонап кетті
Бірнеше күн өткеннен кейін ғана полиция қызметкерлері қарақшыларды ұстады
Жақында әйел адам Защита аймағында дүкеннің тоналғандығын хабарлап, полицияға көмек сұрап келген.
Медициналық маскадағы екі белгісіз адам азық-түлік дүкеніне кіріп, тапаншаға ұқсайтын нысанмен қауіп төндіріп, ақша ұрлап кеткен. Оқиға кезінде сауда алаңында бір әйел ғана болған.
- Полиция жәбірленушімен сөйлесіп, ішкі бейнебақылау камерасының жазбаларын зерттеді, - деп түсіндірді ШҚО Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция қызметкерлері қарақшыларды анықтап, ұстады.
Следующая →