Пасха мерекесі алдында бір қорап жұмыртқа ұрланды
Сатушы артқа қараған кезде 30 жастағы ер адам бір қорап жұмыртқаны жұмқырып үлгерген
Өскеменде "Береке" базарында ұрлық болды. Тәртіп сақшылары жедел іздестіру шарасын жасай отырып, күдіктіні ұстады.
Қорапта 360 жұмыртқа болған. Күдіктінің не үшін жұмыртқаны ұрлағаны белгісіз. Бірақ ұрлық үшін жаза алатыны сөзсіз.
- Күдікті бұған дейін ұрлық жасағаны үшін сотты болған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жасалуда, - дейді ШҚО ІІД.