Өскемен
облачно
+18°
  • Өскемен
    +18°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +22°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +16°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +20°
$
441.8
-1.92
480.02
-2.26
¥
61.06
-0.29
4.88
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Олеся Краскова
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да тұрғындарды құтқармақ болған шенеуніктер қаза бола жаздаған

Оқиға су тасқынының ең қиын жағдайы деп анықталған Зырян ауданының Малеевск ауылында орын алды

Тасыған мұз суынан мемлекеттік "Нива" көлігі жолдан шыққан. Автокөліктің іші суға толып, шығарға жер болмаған. Егер жергілікті тұрғындардың көмегі болмаса, адамдар автокөлік ішінде суға кететін еді.

Кешкісін билік өкілдері ауылды аралап, тұрғындарға төтенше жағдайлар туралы ескерткен. Ресми тұлғалар үйдегі су басқан көшелердің бірінде адамдардың қалғанын білген кезде ауылдық мектепке оралып қойған болатын. Уақыт жоғалтпастан, үш әйел, аудан әкімінің орынбасары Жанна Асқарова, Малеевский ауылдық округі маманы Наталья Зайцева, Малеев мектебінің директорының орынбасары Айгүл Башаева және жүргізуші Александр Хабаров көмекке мұқтаж мекенжайға бет алған.

Бұл уақытта Бұқтырмадағы су деңгейінің көтерілгені соншалықты, су бөгеттен шығып, елді мекенге жеткен. Табиғи апат автокөлікті жолдан алып кетті. Кейінірек куәгерлердің айтуынша, "Нива" мұзда су ағынымен бірнеше рет төңкерілген. Сол уақытта салондағы адамдар шығуға тырысқан.

- Бізде үміт болған жоқ, сол мезетте көмекке қол жеткізе алмайтынымызды түсіндік. Көлік іші тез суға толып жатқанда, жақындарымызбен де қоштасып үлгердік, - дейді Зырян ауданы әкімінің орынбасары Жанна Асқарова. - Бізде зардап шеккен жандарға көмектесе алмадық деген ойлар болды.

Жергілікті тұрғындар құтқаруға асықты.Оқиға орына тек қана "Урал" көлігімен баруға болатын еді. Ауыл тұрғындары көмекке келуге қорықпады. Олар көліктің терезелерін сындырып, адамдарды шығарып алды. Қуанышқа орай, ешкім зардап шеккен жоқ. Түнде мемлекеттік қызметшілер жылынып, таңертеңгісін олар үйлерін су басқан көмекке мұқтаж аудандарға асыққан. 

Следующая →