Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
Қажеті жоқ қағаздарды қарағай, балқарағай, шырша, боз арша, қызыл емен, жөке ағашының көшеттері мен өрік, бөріқарақат, ұшқат сынды бұталардың көшеттерін тегін алуға болады
Бұл экологиялық акцияны "Чистое небо" компаниясы өткізгелі отыр. Акция жаз бойы өтпек. Ал қоқыс қағаздар макулатураға өткізілмек.
- Өткізген қағаздардың көлеміне қарай қаржы сомасы жазылған түбіртек беріледі. Сол түбіртек арқылы ағаштың көшетін ала алады, - дейді компания басшысы Берік Ақтайлақов.
Ал ұзындығы 10-40 см болатын бір көшетті алу үшін 10-20 келі қағаз әкелу керек. Қызыл еменнің көшеті 360 теңге тұрса, көк шыршаның көшеті 520 теңге тұрады.
Акцияға қатысқысы келген жандар Абай даңғылы 152-үйге келіп макулатураға қағаз өткізе алады. Қабылдау уақыты сағат 9.30-ден 18.30-ға дейін. Телефондары: 8-747-141-90-07, 8-771-353-70-05.