Аягөз-Семей тас жолында автобус өртеніп кетті
Аягөзден Семей қарай қатынайтын рейс автобусы Жарма ауданына келіп бұзылып тұрып қалған
- Автобустың бұзылған күні сәуірдің 1-нен 2-сіне қараған түні. Жолаушылар Семейге баратын басқа автобустарға отырғызылған. Ал жүргізуші автобусты жөндеу үшін жолда қалып қалған, кейін қайта Аягөзге қайтқан. Сол кезде автобустың ішінен өрт шығып, шұғыл тоқтауға мәжбүр болған. Ал бұл маңайға жақын орналасқан өрт сөндіру бөлімі 70 шақырым алыста болған. Олар келгенше, автобус өртеніп біткен, - дейді ШҚО ТЖД.
Зардап шегушілер жоқ.
Следующая →