Өскемен
ясно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +22°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +14°
  • Орал
    +16°
  • Қарағанды
    +20°
  • Көкшетау
    +21°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +24°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +26°
$
443.44
+1.86
480.51
+0.51
¥
61.36
+0.17
4.88
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Олеся Краскова
Ақпарат көзі:
Устинка

Облыстың төрт ауданы мен Семей қаласында әлі де төтенше жағдай сейіле қойған жоқ

Зырян ауданындағы жағдай қиын. Мұнда үш күннің ішінде 800 адам эвакуацияланған

Аудандағы үлкенді-кішілі өзендердің барлығы арнасынан асып, тасып жатыр. Қазіргі уақытта ауданда 300 үй су астында жатыр.

Ал Бұқтырма өзені қатып жатқандықтан, таудан тасқын болып аққан су өзенге қосылмай, қоршалған бөгеттердің асып төгіліп, Малеевск ауылына жайылған. Ауылдың қариялары мұндай алапат тасқынның бұдан алпыс жыл бұрын ғана болғанын айтады. Мұнда 100 шақты үйді су басып жатыр.

Зубовск кентіндегі жағдай тұрақталғанымен, Зырян қаласының оңтүстік жағы қиын жағдайда тұр. Су әлі қайтпады. Алматы облысы мен оңтүстіктен келген құтқарушылар осы ауданда жұмыс жасап жатыр.

Ал судан зардап шеккен 130 адамға медициналық, психологиялық көмек көрсетілген.

- Тұрғындардың көңілін көтеруге тырысамыз, қиын мәселені саналы ақылмен шешіп, салқынқанды болуға үйретеміз, - дейді ШӨАЖҚЖ құтқарушы-психологы Оксана Петрова.

Облыс әкімі Даниал Ахметов судан зардап шеккендердің ешқайсысы назардан тыс қалмайтындығын, көмек көрсетілетіндігін айтады.




Следующая →