Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Алия Тенизбаева
Ақпарат көзі:
Устинка

Апаттан көлік жолушысы зардап шекті

Жұма күні облыс орталығында Қазақстан көшесі бойында екі көлік соқтығысып, бір әйел адам жарақат алды

Жұма күні кешкі уақытт "Автобасқарма" автобус аялдамасы маңында апат орын алды. Қазақстан көшесімен келе жатқан Mazda маркалы автокөлік Микен дүкеніне қарай бұрылмақ болған. Осылайша ол тура бағытта қозғалып келе жатқан ВАЗ-2109 автокөлігіне жол берместен солға бұрылып кеткен.

Соқтығысу нәтижесінде иномарканың алдыңғы капоты жұлынып, қозғалтқышқа әсер етіп, көлік 180 градусқа бұрылған. Соққыдан  ВАЗ-2109 көлігінде отырған 61 жастағы жолаушы зардап шекті. Ол №1 қалалық ауруханаға жеткізілді.
- Жәбірленуші "жабық бас-сүйек жарақаты" және "ми шайқалу" диагнозымен нейрохирургия бөлімінде,- деп хабарлады медициналық мекеме. - Қазіргі уақытта науқастың жағдайы тұрақты.

Өскемен қалалық ІІБ баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Қазақстан Республикасының Әкімшілік кодексінің 610-бабының 1-тармағы бойынша Mazda жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама жасалды. Енді, автокөлік иесі 20 АЕК айыппұл төлеуге мәжбүр немесе алты айға дейінгі мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылатын болады.
Следующая →