Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Олеся Краскова
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да кенелер шыға бастады

Облыста ауа райының жылынуына байланысты қауіпті аурулардың тасымалдаушысы болып табылатын кенелер шыға бастады

ШҚО кене энцефалитімен ауыратын инфекциялық қаупі жоғары аумаққа жатады. Мұнда республика бойынша көрсеткіш екі есе жоғары. Аурудың табиғи ошақтары Глубокое, Зырян, Катонқарағай, Көкпекті, Ұлан, Шемонаиха аудандарында және Риддер мен Өскеменнің маңында орналасқан.

Қауіпті кезең сәуір айында басталады, әсіресе, ауа температурасы +3 градусқа дейін көтерілген уақытта. Бұл кезеңде қауіпті жәндіктер ғана оянбайды, сонымен бірге қала тұрғындары да демалу үшін қаладан тыс жерге белсенді түрде шығады. Мамандардың айтуынша, кененің құрбаны болған адам шаққанын бірден түсіне алмайды.
- Белгілері орташа есеппен 7-21 күннен кейін біліне бастайды, - деп түсіндіреді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының бастығы Болат Қуанышбеков. - Қызу, кейде әлсіздік, бас ауруы сезіледі. Дене температура 38-39 градусқа дейін көтеріледі, жүрек айнуы мен құсу пайда болады.
Мұндай белгілер орын алғанда дәрігерге көріну керек. Сонымен қатар, мамандар бұл ауруды емдеуден гөрі, осындай фактіні болдырмау оңай деп есептейді. Мамандар арнайы жоламайтын жақпа-май мен спрейлерді пайдалануға, сондай-ақ, дұрыс киімді киюге кеңес береді.
Следующая →