Глубокое ауданында тасқын су бұзған көпір жөнделді
Аудан орталығы – Глубокое кентіндегі Глубочанка өзені бойындағы көпір жөнделді
Жергілікті әкімдік бұл жерге жаңа көпір салатындығын да жеткізген, деп хабарлайды Устинка LIVE.
Аудандағы су деңгейі түссе де, құтқарушылар әлі су бөгеу жұмыстарымен айналысуда. Бұл маңда барлығы 86 техника мен Өскеменнен келген 50 жүк тиеуші көлік пен экскаватор, ауыр жүк көліктері жұмылдырылуда.