Зырян ауданындағы өзендердің барлығы тасуда
Үш күн бойы жауған жауын аралас қар мен еріген қарды суы өзенге келіп қосылған
Зубовск, Малеевск, Чапаево, Тұрғысын, Средигорное ауылдары мен Зырян қаласын су басты.
Андреевка ауылындағы көпірді су алып кетті. Чапаева ауылы маңында егістікке су жайылды.
Снегирево ауылын да су алуы мүмкін. Тұрғындардың айтуынша, суды бөгет ұстап тұр, әйтпесе, ауыл тасқынның астында қалар еді.
Ресми деректер бойынша, ауданда 167 үйді су алған, 133 адам көшірілген.
- Ауданда төтенше жағдай орнады. Бізге кез келген көмекке зәруміз, - дейді Зырян ауданы әкімі Нұржан Тоқсейітов.