Самар ауылының тұрғындары бөгет жарылып кетеді деп қорқуда
Көкпекті ауданындағы бөгетке жиналған судың көлемі көбейіп келеді
Ал бөгеттен асқан су Өскемен мен Самар арасындағы тас жолдың үстіне төгіліп, 50 метр жерді шайып кеткен. Жүргізушілер бұл жол телімінен әрең дегенде өтуде.
Көкпекті ауданы төтенше жағдайлар бөлімі 90 үйді су алу қаупі бар екендігін жеткізді. Мұнда, шамамен, 200-дей адам тұрады.
ШҚО ТЖД бөгетке құйылған судың көлемі көп болса да, су плотинадан асып төгілмегенін айтады.
- Жергілікті тұрғындарды көшіру жұмысы басталды. Алайда адамдардың көбі үйінен шыққысы келмейді. Мектеп пен аграрлы колледждің ғимараты адамдарды орналастыруға дайын тұр, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз хатшысы Анастасия Скляр.
Следующая →