ШҚО-да Ресейге қатынайтын тас жол жабылды
Облыста кешеден бастап ауа-райы бұзылып, қар жауып, боран басталды. Ал жолда көктайғақ
Бүгін сағат 06.35 шамасында республикалық маңызы бар Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы арасындағы тас жол жабылды.
"Қазақавтожол" облыстық филиалының хабарлауынша, Глубокое кенті бұрылысынан Шемонаиха қаласына дейінгі жол көктайғаққа ұласқан. Ал бұл жүк тасымалы мен жолаушы тасымалына кедергі келтіреді.
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар:
Закрытие дорог в ВКО Дороги в ВКО Погодные условия в ВКО 



