Келесі аптада трамвай паркінің барлық қызметкерлері жалақыларын алады
Кәсіпорынның қызметкерлеріне 80 млн.теңге берешегі бар. Осы уақытқа дейін, шамамен, 200-дей өтініш пен шағымдар келіп түскен
«Ертіс» ӘКК төрағасы Антон Крамаренконың айтуынша, қарызды өтеуге қаражат табылған және қызметкерлер дүйсенбіден бастап жалақыларын ала бастайды.
Сонымен қатар, жаңа басшылық барлық жұмыс орындарын толығымен сақтауға уәде береді. Әзірге адамдар өз міндеттерін қашан қайтадан бастайтыны, ол белгісіз. Еске салайық, наурыздың басынан бастап Трамвай паркінің ұжымы жұмыс істемейді. «Уақытша үзіліс үшін қандай да бір өтемақы бола ма?» деген сұраққа жауап қайтарылмады.