Өскемен
ясно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +22°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +14°
  • Орал
    +16°
  • Қарағанды
    +20°
  • Көкшетау
    +21°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +24°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +26°
$
443.44
+1.86
480.51
+0.51
¥
61.36
+0.17
4.88
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Олеся Краскова
Ақпарат көзі:
Устинка

Кішкентай сәнбикелер төрт науқас балаға көмектесті

Өскемен қаласында Mini Miss Ust-Kamenogorsk-2018 сұлулық және дарын байқауы өткен болатын

Саханада 4 пен 16 жас аралығындағы жас сәнбикелер өнер көрсетті. Сұлулық пен сымбат байқауы жоғары деңгейде өтіп, Қазақстанның эстрада әншісі Парвиз Назаров кештің көркін қыздыра түсті.

Байқау ұйымдастырушылар -  Inkar Sezim A$S Models School  сән мектебі бұл кештен жиналған қаржы облыстағы онкологиялық ауруға шалдыққан балаларға беруді шешкен. Осылайша кештен түскен ақшаның барлығы төрт науқасқа бөлініп берілді.

Бастапқыда қаржы үш балаға берілмек болған. Алайда байқау аяқталар уақытта ұйымдастырушыларға тағы бір отбасы көмек сұрап келген. Алты жастағы Мадияр Маратов жақында Ресейден оңалту курстарынан өтуі керек болатын. Бала ДЦП-ға шалдыққан, дәрігерлер баланың оңалып кетуіне үміт артуда. Ол үшін 200 мың рубль қаржы керек. Сондықтан да ұйымдастырушылар көмек қолын созудан бас тартпады.

Осы сынды Арсений Снегов, Богдан Унр мен Райна Сковородниковаға көмек көрсетілді.

- Шараны ұйымдастыруда   G-Time Corporation бас демеушісі Айман Камитова мен  Orange Park директоры  Вадим Бухариннің көп көмегі тиді. Ал қыздардың дарынын білікті әділқазылар бағалады, - дейді шараны ұйымдастырушы Анар Терлікбаева.

Байқау нәтижесі төмендегідей:

“Grand Prix Little Miss Ust-Kamenogorsk-2018” - Алифирова Арина; 
“Grand Prix Mini Miss Ust-Kamenogorsk-2018” - Әнуарбекова Рамина; 
“Grand Prix Young Miss Ust-Kamenogorsk-2018" - Жылқайдар Баян; 
“Little Miss Ust-Kamenogorsk -2018” - Захарова Жасмин; 
“Mini Miss Ust-Kamenogorsk-2018” - Нурканова Айзере; 
“Young Miss Ust-Kamenogorsk-2018" - Секенова Нурай.

Следующая →