Өскемен
ясно
-11°
  • Өскемен
    -11°
  • Алматы
    +5°
  • Астана
    -10°
  • Ақтөбе
    -5°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -13°
  • Қостанай
    -12°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -13°
  • Тараз
    +7°
  • Туркестан
    -6°
  • Шымкент
    +8°
$
499.51
+0.96
525.83
+1.55
¥
68.9
+0.14
4.62
-0.13
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ирина Николенко
Ирина Николенко
Ақпарат көзі:
Устинка

Иесіз қалған және заңсыз иемделген үйлер анықталады

Бұл жұмыстарды қала әкімі арнайы құрған комиссия жүргізеді

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй бөлі және тіркеу, азаматтардың жекелеген топтарын баспанамен қамту қызметтері бұрынғы тұрғын үй инспекциясына берілді. Мекеме жаңа қызметпен бірге жаңа атауға да ие болды – Өскемен қаласының тұрғын үй бөлімі.

Жаңарған мекеменің бір айлық жұмысында мемлекеттік қордан баспана алуға кезекте тұрған 500 адам жүгінген. Негізі кезекте тұрғандардың саны 11570 адамды құрайды. Бірнеше азаматтың баспана бабы жақын уақытта шешімін таппақ. Өскемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаевтың тапсырмасымен қазір иесіз қалған, біреулер өз еркімен иемденіп алған тұрғын үйлерді анықтаумен айналысатын комиссия құрылуда.

Комиссия құрамына иесіз үйлер туралы ақпарат беретін жергілікті полицияның учаскелік қызметкерлері, азаматтардың өлімі туралы ақпараттарды беретін АХАТ қызметкерлері, жергілікті өзін-өзі басқару комитеттерінің мүшелері мен Өскемен қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің мамандары кіреді.
Следующая →