Сәуірде ауа райы қандай болмақ?
Сәуір айы жауын-шашынды, суық болмақ
Синоптиктердің болжауынша, сәуір айы жылы болмайды, алабұлтты болмақ. Егер айдың басында ауа райы жылынса, кейін жауын-шашын көбейіп, аптаның соңы суыққа ұласуы мүмкін.
"Қазгидромет" ауа райын болжау мекемесінің басқарма басшысы Гүлмира Ақышеваның айтуынша, айдың бірінші аптасы суық болса, екінші, үшінші аптадан бастап күн жылына бастамақ. Ауа температурасы 23 градусқа дейін көтеріледі.
Ал айдың соңы тағы да суытпақ. Ауа температурасы 15-5 градусқа тең болады.