Өскемен
ясно
-11°
  • Өскемен
    -11°
  • Алматы
    +5°
  • Астана
    -10°
  • Ақтөбе
    -5°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -13°
  • Қостанай
    -12°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -13°
  • Тараз
    +7°
  • Туркестан
    -6°
  • Шымкент
    +8°
$
499.51
+0.96
525.83
+1.55
¥
68.9
+0.14
4.62
-0.13
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Виктор Скрипниченко
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да тағы да су тасқыны болуы мүмкін

Бұл жолы Зырян мен Катонқарағай аудандарын су басуы мүмкін

Облысқа келген ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильинмен болған кездесуде облыстық төтенше жағдайлар департаменті өңірге су тасқынының үшінші толқыны келуі мүмкін екендігін айтты.

- Зырян ауданында жағдай нашар. Мұнда жақын арада күн жылынып, қар ерімек. Ал жер әлі тоң болып қатып жатыр. Жаңбыр жауып, қар ерісе, топан судың сілемі топыраққа сіңбей, бетінде қатуы мүмкін. Ал бір аптадан кейін Катонқарағай ауданы да күн жылынып, қар еруі ықтимал, - дейді Юрий Ильин.

Қазіргі уақытта, Глубокое мен Шемонаиха ауданындағы жағдай тұрақталған. Алайда қалпына келтіру жұмыстарымен айналысуға маман мен техника жетпей жатыр.

- Елді мекендерге тағы да 140 өрт сөндіру тобының қызметкерлері жетіспейді. Техника да жетпей жатыр. Жаңа техникалар сатып алу үшін облыс бюджетінен 500 млн теңге бөлінбек, - дейді министр орынбасары.


Следующая →
Тақырыптар: Паводки в ВКО ДЧС ВКО