Өскемен
облачно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +7°
  • Астана
    -13°
  • Ақтөбе
    -6°
  • Актау
    +5°
  • Орал
    -3°
  • Қарағанды
    -2°
  • Көкшетау
    -16°
  • Қостанай
    -11°
  • Қызылорда
    +5°
  • Павлодар
    -14°
  • Петропавловск
    -16°
  • Тараз
    +10°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +9°
$
511.22
-1.78
540.05
-1.11
¥
70.61
-0.14
4.73
+0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Кристина Хорольская
Ақпарат көзі:
Устинка

Кемеровтағы қайғылы оқиғадан кейін облыстағы көңіл көтеру орындары тексеріле бастады

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, облыс аумағында орналасқан 82 сауда орны қауіпсіздік жағынан нашар салынған

Ресейдің Кемерово қаласында болған қайғылы оқиға көрші мемлекеттерге де ой салғандай. Өйткені төтенше жағдай орын алып, қалың өрт аяқ астынан қаулаған ауыз-мұрны тұмшаланған сауда орнының өрт қауіпсіздігін сақтамай салынғандығы халықтың наразылығын тудырды.

Соған орай, ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев ІІМ мен ТЖД, жергілікті әкімдік басшыларына сауда орындарын тексерді тапсырды.

Қазіргі уақытта облыста 82 сауда орнының өртке деген қауіпсіздігі нашар екендігі анықталған. Ал өрт сөндірушілердің айтуынша, өрт қауіпсіздігін ұстанбаған ғимараттардың саны бұдан да көп болуы мүмкін.

- Аумағы 1500 шаршы метрден асатын ғимараттар тексеріледі. Ал ауданы 750 шаршы метрге жетпейтін сауда орындары тексерілмейді. Бұл ғимаратта өрт үлкен қауіп тудырмағайды, заң тұрғысынан тексеруге болмайды. Сондықтан мұндай сауда орындарының өрт қауіпсіздігін қаншалықты сақтайтындығы кәсіпкерлердің өздеріне байланысты. Егр өрт сөндірушілер ғимараттан кінарат тауып, айыппұл салса, кәсіпкерлердің көбі бұл кемшілікті жөндеудің орнына айыппұлды төлей салғанды қалайды. Себебі шығын аз. Ал сот қауіпсіздік сақтамаған ғимаратты жауып тастауға құқылы. Алайда, шынайы өмірде, қауіптен қорғану мүмкіндігі аз ғимараттардың жабылуы болып көрмеген, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз хатшысы Анастасия Скляр.

Ал Өскемен ТЖ бөлімі хабарлағандай, Өскеменде орналасқан 29 сауда орнының 10-ы тексерілген. Мұнда 280 кемшілік табылып, 680 700 теңге айыппұл салынған.


Следующая →