Семейде Ертіс өзені арнасынан асты
Семей қаласы маңындағы тұрғындарды су алу қаупі төніп тұр
Сондықтан Төтенше жағдай департаменті қала халқын құлақтандырып, өзен маңындағы тұрғындарды эвакуациялап жатыр.
Полковничий аралында су басқан үйлер бар. Үйін су алған тұрғындар уақытша қонақ үйге көшірілген.
- Арал маңында 20 қызметкер жұмыс жасауда. ШҚО ТЖД-ның жедел желісі жұмыс жасап тұр: 8 (7232) 55-38-19. Жедел штаб құрылып, құтқару жұмыстары жүргізілуде, - дейді ШҚО ТЖД.
Ал Семей қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жағдай жергілікті билік органдарының бақылауына алынған. Азаматтық қорғаныс қызметтері толықтай дайын.