Өскемен
пасмурно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +9°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +19°
$
442.05
474.14
¥
61.07
4.74
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Кристина Хорольская
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскемендіктер Кемеровтағы қайғыға ортақ

Өскемендіктер Ресейдің Кемеров қаласындағы қайғылы оқиғаға қайғырып, қаза болғандарды еске алу үшін облыс орталығындағы Ресейдің бас елшілігіне келіп, хаттар мен ойыншықтар, гүл шоқтары қоюда

Еске сала кетейік, 25 наурыз күні  Кемеров қаласындағы «Зимняя вишня» ойын-сауық орталығында өрт шығып, 64 адам тілсіз жаудың құрбаны болған. Оның 41-і сәбилер.
Қыршынынан қиылған балаларды еске алуға арналған акциялар ТМД-ның басқа қалаларында да ұйымдастырылып жатыр. Ал 28 наурыз күні Ресейде қаралы күндер жарияланды.

Қанша адамның қабырғасын қақыратқан қайғыға ортақтасып, әлеуметтік желілер арқылы көңіл айтып жатқандар да бар. Облыс орталығының Орджоникидзе көшесінде орналасқан Ресей елшілігіне келген өскемендіктер ойыншықтар мен гүл шоқтарын, шырақ, сонымен қатар көңіл білдірген хаттарын да әкеліп жатыр.

Следующая →