Су басқан аймақтарды әуеден барлауда
Су тасқынының жай-күйі, салдарымен танысуға Шығыс Қазақстан облысына келген ҚР ТЖМ министрінің орынбасары Юрий Ильин аймақты ұшақпен барлап шықты
Юрий Ильин облысқа келе сала аймақтық штабпен кеңес өткізді. Артынша ШҚО әкімінің орынбасарымен бірге су басқан аймақтарды әуеден барлады.
Айта кетейік, қазіргі уақытта эвакуациялық орындарға 100 адам орналастырылса, 900-дей тұрғын өз туысқандарының үйінде. Тіпті, үйлерінен кетуге бас тартқандар да бар.
Тұрғындарға азық-түлік жеткізіліп, оқиға орындарында арнайы мамандар жұмыс жүргізіп, азаматтарға психологиялық қолдау білдіруде.
- Глубокое және Шемонаиха аудандарындағы жағдайды бағалай отырып, министрдің орынбасары жағдайы мүшкіл Прогресс, Глубокое, Предгорное, Шемонаиха, Верх-Уба ауылдарын ерекше бақылауда ұстап отыр. Дегенмен бұл елді мекендердің барлығын құтқарушылар үнемі бақылап, апаттық-құтақру жұмыстарын жүргізіп жатыр, - деп мәлімдейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Следующая →