Өскемен
малооблачно
+26°
  • Өскемен
    +26°
  • Алматы
    +29°
  • Астана
    +19°
  • Ақтөбе
    +23°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +22°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +29°
  • Павлодар
    +20°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +32°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +34°
$
523.46
+1.89
600.04
-0.97
¥
72.83
+0.19
6.69
+0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Олеся Краскова
Ақпарат көзі:
Устинка

Елдегі алғашқы роботтандырылған операция Өскемен қаласында өтті

Роботтандырылған жаңа технологияның көмегімен итальяндық дәрігер-маман Стефано Джидаро 50 жастағы Өскемен тұрғынының өт қабын сәтті алып тастады

№1 қалалық аурухананың базасында өткен жылдың соңында роботты операция пайда болған. Еліміз бойынша ШҚО алғаш рет хирургиядағы жаңа технологияларды қолдануға кірісті. Облыстағы төрт маман Италияда арнайы оқытылды, ал қазір шетелдік маман Өскеменде шеберлік сабағын көрсетуде.

- Мен осы операцияны жүргізуге көмектескен хирургтар мен медбикелерге алғыс айтқым келеді. Мен осындай операцияларды жасауға мүмкіндік беретін операциялық бөлмелердің сапасын және жоғары білікті мамандарды көргенде таң қалдым, - деді Стефано Джидаро.

Айтпақшы, операция кезінде хирург-дәрігер операциялық үстел басында болмайды, отаны алыстан робот арқылы жасайды.

- Жаңа құрылғының қозғалыс дәлдігі жоғары. Робот қысымды жоғарылатуға мүмкіндік бермей, операция кезінде асқынуларды азайтады. Дәрігерлер, анестезиолотар мен медбикелердің жеткілікті түрде дағдылары болуы маңызды, - дейді Италияда арнайы біліктілігін жетілдірген, №1 қалалық ауруханасының дәрігер-урологы Ринат Мұздыбаев.
Следующая →