Жедел жәрдемнің дабылы мен жарығы өскемендіктердің зәресін ұшырды
Тұрғындардың пайымдауынша, бұл күндері жедел жәрдем тасқыннан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін шұғыл қызмет еткен
Алайда жедел жәрдем станциясына соңғы күндері тасқыннан зардап шеккендерден шақыртулар түспеген. Мәселе, тіптен, басқада көрінеді.
Бұл көліктер егер шақыртудан бос қайтып келе жатса ғана дабылын өшіретін болады.
Следующая →
- Биыл ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы бойынша, жедел жәрдем көлігі жолда кедергісіз жүруі үшін түсі сары болуы керек. Бұл бұйрықты қаржыландыру жағдайына қарай орындаймыз. Сонымен қатар, жедел жәрдем көлігі енді кез келген шақыртуға дабылын қосып шығуы керек, - дейді станция басшысының орынбасары Гүлнар Тельманова. - Бұл жедел жәрдем көлігіне әрқашан жол беруі үшін, біздің үнемі жұмыс істеп жатқанымызды көрсету үшін қажет. Өйткені соңғы кезде жедел жәрдем қызметі үнемі бос болмайды деген шағымдар артқан. Осы орайда айта кету керек, негізсіз шақыртулар да артып отыр. Біреу саусағын кесіп алса, енді бірінің дене қызуы 37 градусқа көтерілді. Бұның барлығы шұғыл болмаса да, баруға міндеттіміз.
Бұл көліктер егер шақыртудан бос қайтып келе жатса ғана дабылын өшіретін болады.