Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Өнерге әркімнің-ақ бар таласы

Бес жасынан бастап әнге құмар Асанәлі өскенде атақты әнші болуды армандайды

№24 балалар өнер мектебіндегі вокал бөлімінің оқушысы Асанәлі Мэлс өз мектебі мен қаламызды, облысты елге танытып жүрген жас өнерпаздардың бірі. Ол осы уақыт аралығында бірнеше қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық ән байқауларына қатысып, жүлдегерлер қатарынан көрінді. Мәселен, ең алғаш кіл жүйріктердің арасына бәйгеге қосылып, 2016 жылы Алматы қаласында өткен республикалық "Жастар жаққан жұлдыз" жарысында 2-орын алған. 2017 жылы Астанада өткен халықаралық конкурста 1-ші орын алды, ал жақында Өскемен қаласында өткен "Таңғы шұғыла" халықаралық конкурсында 2-ші орынға ие болды.

- Балам кішкентай кезінен бастап әнге құмар болды, - дейді Асанәлінің анасы Жанар Сәрсенқызы. - Балабақшада күнделікті жаттаған әндерін үйге келіп айтып жүретін. Көлікте естіген әнін лезде жаттап, қосылып айтып отыратын. Жаттау қабілеті жақсы. Мен де, әкесі де өнерге еш қатысы жоқ жандармыз. Тек әжесі ән айтады, жас кезінде ансамбль құрамында болған.

Баласының дарынын, ән айтуға деген қабілетін байқаған ата-ана арнайы музыкалық мұғалім жалдап, баласының талантын шыңдауды мақсат еткен. Осылай артынша Асанәлі №24 балалар өнер мектебінің вокал бөліміне жазылады. Қазіргі таңда жас өнерпаздың талабын шыңдап, байқауларға дайындап жүрген ұстазы - Айжан Жарылгасина.

- Асанəлі Мэлс 1-ші сыныптан бастап маған вокал сабағына қатысып келеді. Өте ынталы, талантты бала, талмай дайындалады, көп ізденеді, талаптанады. Айтқанды екі етпейді. Басқа балалардың алдында үлгілі деп айтсам да болады, - дейді Айжан Көкенқызы.

3-сынып оқитын Асанәлінің күн тәртібі тыңғылықты жоспарланған. Өйткені ол әннен бөлек басқа да бірнеше үйірмеге баратын көрінеді. Сабағын тек беске оқитын озат оқушы өз қатарластарының көшін бастауға әзір тұрар қайсарлығымен ерекшеленеді. Есте сақтау қабілеті өте жақсы, пәндік олимпиадаларға да қатысып жүреді. Мектеп қабырғасында баскетболға барады. Онымен қоса, сабақтан кейін би үйірмесіне де баруды қолға алған. Қазіргі таңда ағайынды Абдуллиндер атындағы өнер училищесіндегі домбыра сыныбына барады. Домбыра сыныбына биыл ғана барса да, 1-ші республикалық "Қазақстан таланттары" рухани-патриоттық байқауында бағын сынап, "Аспапта орындаушылық өнері" номинациясы бойынша 2-дәрежелі лауреат атанған.

- Бірнеше үйірмеге қатар барса да еш шаршамайды, - дейді Жанар Сәрсенқызы. - Өйткені осының барлығы өзіне ұнайды. Асанәлі өте белсенді, алғыр, барлық шараларға білек сыбана қатысады. Өскенде әнші боламын дейді. Қайрат Нұртас пен Төреғали Төреәліні сүйіп тыңдайды.

Әлі кішкентай болса да, өзін жан-жақты дамытып, талпынып келе жатқан жас өнерпаздың талабына нұр жаусын деген тілек бар.

Следующая →