Өскеменде өрт болып, бір адам көз жұмды
Владивосток көшесіндегі жер үйде өрт болған
Ал өртенген үйдің иесі далаға шыға алғанымен, үйде қалған жұбайын алып шыға алмаған. Өрт сөндірушілер келген кезде, үйде әйел адамның қалып қалғанын айтқан.
Ал құтқарушылар дереу қимылға басып, үйге кіріп, әйелді іздей бастаған. Өрт сөндірушілер 48 жастағы әйелдің мәйітін тапты. Ал далаға шығып үлгерген еркектің саусағы мен аяғы аздап күйік шалған. Ол №1 қалалық ауруханаға жіберілді.