Өскемен
ясно
-11°
  • Өскемен
    -11°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -10°
  • Ақтөбе
    -7°
  • Актау
    +7°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -6°
  • Көкшетау
    -13°
  • Қостанай
    -11°
  • Қызылорда
    +5°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -18°
  • Тараз
    +9°
  • Туркестан
    -7°
  • Шымкент
    +11°
$
513
+13.49
541.16
+15.33
¥
70.75
+1.85
4.69
+0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Шығыс өңіріндегі көлдер зерттелуде

Шығыс Қазақстанның рекреациялық ресурстарға бай өлке екеніне күмән жоқ. Облыстың бір өзінде ғана екі мыңға жуық көл бар

Олардың ішінде мыңнан астамы жер бетінде 1 гектардан астам аумақты алып отыр. Яғни, бұлар ең ірі деген көлдер.

Бұл көлдердің барлығы тыңғылықты зерттеу көрмеген. Шипалы да, пайдалы дегендердің көбі ел аузындағы аңыздарға сүйеніп айтылып келеді. Тіпті, қарапайым, ел ағылып баратын Рахман қайнарлары да осы күнге дейін ғылыми түсінік алмаған. Міне, былтыр Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің ғалымдары өңірдегі барлық ауқымды су қайнарларын зерттеп шықты. Университет ғалымдары алдымен адамдар ең көп баратын, аясы кең Сібе, Дұбығалы, Марқакөл, Қоңыр әулие, Киелі су, Шошқалы, Рахман қайнарлары, Зайсан, Алакөл, Балық-Арасан көздері мен көлдеріне зерттеу жүргізді.

- Бұл он нысанның барлығын біз зерттеп шықтық, - дейді Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың ғылыми жұмыстар мен инновациялар бойынша проректоры Олег Гавриленко. - Бір литрінде 15 грамнан артық минералдары бар көлдер заңнамалық тұрғыдан бальнеологиялық болып табылады. Шынайы өмірде, кез келген көлдің емдік қасиеті бар. Бірақ Шошқалы көліндегі судың минералдық деңгейі 30 грамнан асып кеткен. Ресей ғалымдары бұл суды бальнеологиялық мақсатта қолдануға болатындығын растады. Ал Алакөлдің ауқымы кең болғандықтан оның шипалылығы 11 грамды құрады. Бұл тек көлдің жағасынан алынған сараптамалар. Бірақ туристердің сүйікті көлінде родон көрсеткіші жоғары болып шықты.

Шығыс Қазақстан көлдерінің көбі өзінің емдік қасиеттерімен ерекшеленеді. Кейбірінде, әсіресе, Рахман қайнарларында микроэлементтердің жоғарылығы тіркелді. Сол сияқты Дұбығалы көлі пайдалылығы тұрғысынан баламасы жоқ болып шықты.

Қоңыр әулие мен Киелі су суларының құрамында кремний мөлшері өте жоғары. Кремнийді сән элементі деп айтатыны белгілі. Яғни, оның адамды емдеу, қалпына келтіру, жаралардың жазылуын жылдамдату күші жоғары.

Следующая →