ШҚО-да су тасқынынан зардап шеккендермен психологтар жұмыс істейді
Глубокое ауданында құтқарушылар 406 адамды қауіпсіз жерлерге эвакуациялады, олардың 135-і балалар. Енді, олардың өмірлеріне ешқандай қауіп жоқ
Глубокое ауданында апатқа қарсы күрес және оның салдарын жою жалғасуда.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы ауданда 406 адам эвакуацияланған, оның ішінде 135-і балалар. Зардап шеккен шығысқазақстандықтар эвакуациялық пункттерде, кейбірі туыстарын паналауда.
Қазір оқиға орнында жергілікті атқарушы органдар, коммуналдық қызметкерлер мен құтқарушылардан басқа "Красный полумесяц" өкілдері жұмыс істейді. Сонымен қатар, Шығыс аймақтық жедел құтқарушылар жасағының құтқарушылары көмек қолын созды.
Зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетілді. Жақын арада олармен психологтар жұмыс істей бастайды. Облыста жергілікті табиғи апат режимі сақталады.