Өскемендіктер табиғи апатпен күресуді жалғастыруда
Үш күн ішінде таулы аймақтан қалаға 25 миллион текше метрдей су құйылған
Ең көп зардап шеккен мекен - Интернациональная көшесі (Абай даңғылының қасында), Меновное ауылы, Ахмер, Жібек маталар комбинаты, Жаңа Ахмер, Прудхоз, 28-ші ықшам ауданы және Согра кенті.
Қазіргі кезде ішкі аулалардан суды сорып алу жұмыстары жүргізілуде. Маховка өзенінің маңайындағы аумаққа қауіп төніп тұр.
- Барлық негізгі күштер жағалауды нығайтуға бағытталған, - деп түсіндірді Өскемен әкімінің баспасөз қызметі. - Бұдан басқа, техникалық жабдықтар Согра ауданына бағытталған.
Қазір құтқарушылар, коммуналдық қызметкерлер, Ұлттық гвардия сарбаздары Бражий ағыны мен әуежайда жұмыс істеуде. Жергілікті кәсіпкерлер де тасқынмен күресуге көмектесуде. "Юко" ЖШС және "Тамила" ЖШС-ның басшылары Защита аймағындағы көшелерді судан тазартуға, жабдықтарды және қызметкерлерді қамтамасыз етті.
Павлодарлық құтқарушылар Гавана қиылысында көмек көрсететін болады.
Следующая →