Глубокое ауданында төтенше жағдай жарияланды
Көптеген жауын-шашын, күн жылынуы және еріген судың қалыптасуы ондаған үйлер мен аулалық учаскелердің су тасқынына себеп болды
Бүгін Глубокое ауданында жергілікті деңгейдегі табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимі ресми түрде енгізілді.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, құтқарушылар, коммуналдық қызметкерлер мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері Прогресс, Глубокое, Тарханка, Белоусовка ауылдарындағы суды тарту жұмысын жалғастыруда.