Өскемен-Семей тас жолының бір шетін су алды
Ұлан ауданындағы Саратов мен Донское ауылдары арасындағы тас жолдың үстін су алды
Су тасқынының кесірінен жолда кептеліс пайда болған. Жол бойында полиция мен коммуналды қызмет өкілдері кезекшілікке тұрып, көліктерді рет-ретімен өткізуде.
Әзірше, жұмысшылар жол бетіндегі суды сүзіп алғанша, көліктер жолда тұрып күтуге мәжбүр.