Өскеменде арық тазаланып, бұлақ "көздері" аршылуда
Согра ауданында орналасқан Безымян ағынының маңында 30-ға жуық үйді су басуы мүмкін
Коммуналды жұмысшылар еріген судың беті шығып кетуін болдырмау үшін мұздарды ашуда.
Ағын Безымянный кентінен үш шақырым жердеТитан, Металлург 3, Восточник-5 бау-бақша қоғамының және Вешний, Ардагерлер, Дружинников және Скалистая көшелері бойымен өтеді.
Қазір мұздың қалыңдығы бір метрге жуық.
- Техника жағынан Өскемен-Тәртіп бізге көмек беруде, грейдерлер, жүк көтергіштер мен экскаваторды қамтамасыз ету жағынан ТМК басшылығы жауап берді, - дейді № 5 ЖӨӨБК басшысы Максим Тесленко. - Согра водоканалы бізді суарғыш машинамен қамтамасыз етті, оның көмегімен көпірлер жуамыз. Жергілікті тұрғындар да өте сергек және қазу жұмыстарын жүргізіп, біз жеткізген қапшықтармен су ағатын жерлерді жауып, жергілікті аумақтарын тазартуда.
Жергілікті өзін-өзі басқару комитеті учаскелерде су тасқыны болған жағдайда, Согра ауданының тұрғындары 62-18-70 телефонына немесе 138, 112 нөміріне тәулік бойы жұмыс істейтін кезекшілерге қоңырау шалуды сұрайды.