Наурыз қарсаңында тыл ардагерлері мен көпбалалы аналарға сый жасалды
Облыстық дін істері басқармасы Наурыз мейрамына орай, тыл ардагерлері мен көпбалалы аналарды, аз қамтылған отбасыларды құттықтап, сыйлық жасап қайтты
Ырыс пен молшылық мейрамында дастарханнан ауыз тисін деп басқарма мамандары тұрғындарға тамақ-тағамдар алып келді.
- Бізді ескеріп, елеп жатқанына алғыс айтамын. Мен үшін күтпеген жайт, - дейді тыл ардагері Иван Пастушенко.
Мұндай қайырымдылық акциялары облыста жыл сайын ұйымдастырылады, өзіндік дәстүрге айналып келеді.