Бір тәулікте 1500 метр куб су шығарылды
Кеше жауған жауын мен еріген қар суының салдарынан кейбір аумақтарды су басты
Өскемен қаласында кеше үш жер үйдің ауласын су алып қалды. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар суды шығарып, ағынды тоқтату үшін 500 құм салынған мөшек төседі.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, қазіргі жағдай бірқалыпты. Құтқарушылар аулаларды тексеріп, тұрғындарға су тасқыны орын алған жағдайда қандай әрекеттерге баруы керектігін түсіндірді. Құтқарушылар су басуы мүмкін 19 аудан мен 71 елді мекенді бақылауда ұстап отыр.
Следующая →
- Сонымен қатар, Семей қаласында жолдың өткінші бөлігін еріген қар суы алып қалды, - деп хабарлайды ШҚО ТЖД. - Құтқарушылар бірнеше сағат бойы суды айдап шығарды. Бүгін көшедегі су мен аула алдындағы сулар тарқады. Одан өзге, Шығыс аймақтық аэромобильді шұғыл құтқару бөлімі Аягөз қаласында да құм сеуіп, Кіші Аягөз өзеніндегі дамбы бекітілді.