ЖКО себепшісі болған люк иесі іздестірілуде
Өскемен қаласындағы мыза көшесі бойында автокөліктердің қозғалысына шектеу қойылды. Өйткені "Өскемен Водоканал" мекемесінің қызметкерлері құдық иесінің орнына жөндеу жұмыстарын жүргізе алмайды
"Альшемали" СҮ маңында жол-көлік апаты орын алды. Куәгерлердің сөзіне сүйенсек, ЖКО-ға кәріз люгінің қақпағы да себепкер болса керек. Өйткені сол кезде қақпақ бірнеше метрге дөңгелеп, басқа көлікті зақымдай жаздаған. Ашық кәріз люгіне басқа автоуөліктер де түсіп кетуі мүмкін болғандықтан, жүргізушілердің бірі оқиға орына "Өскемен Водоканал" қызметкерлерін де шақыртқан.
Бірақ анықталғандай, бұл люк мекеменің балансында емес екен. Сондықтан, коммуналды мекеме қызметкерлері уақытша Мыза көшесінің бір бөлігін жауып, белгі қойып қойған.
Следующая →
Бірақ анықталғандай, бұл люк мекеменің балансында емес екен. Сондықтан, коммуналды мекеме қызметкерлері уақытша Мыза көшесінің бір бөлігін жауып, белгі қойып қойған.
- Су жүргізетін құдық тоғыз қабатты "TRINVESTMENTS" ЖШС балансында. Бірақ ол қазір пайдалануға берілмеген, - дейді "Өскемен Водоканал" бас инженері Андрей Алехнович. – Апаттық жағдайлар қайта туындамауы үшін құдықтың маңайына белгі қойып, шектеу қойдық.