Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Алия Тенизбаева
Ақпарат көзі:
Устинка

Облыс әкімі ЖМК ауданы су астында қалмайтынына сенімді

Облыс әкімі Даниал Ахметов Өскемен қаласында су астында қалуы мүмкін аудандарға барып, онда жасалатын төтенше жағдай жұмыстарымен танысып қайтты

Бұдан он күн бұрын Сәтпаев даңғылын су басып, тұрғындар уақтылы қатынай алмай қалған болатын. Ал еріген қардың суы даңғылдың бойымен ағып барып, Ертіске құйылған еді. Сонда тасқын судың алабын көрген облыс әкімі қалалық төтенше жағдайлар бөлімі мен қала әкімдігі дұрыс инженерлік жұмыстарды жасамады деп айыптаған болатын.

Ендігі кезекте қала әкімдігі Шешек асуынан Сәтпаев даңғылына дейінгі арықты кеңейтіп қазып тазалап қойды. Мұны көруге барған облыс әкімі инженерлік жұмыстың дұрыс жасалғанын айтып, енді Сәтпаев даңғылы су астында қалмайды деп мәлімдеді.

- Арықты тазалау жұмыстарын күнделікті, үнемі жүргізіп отыру керек болатын. Ал қазір арық тазаланып дайын тұр. Енді бұл аумақты су алмайтындығын сенімді түрде айтуға болады, - дейді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

Следующая →