Оқушылардың демалыс күні қысқаруы мүмкін бе?
Өскеменде су тасқынына байланысты оқушылар бірнеше күн сабақ оқымаған болатын
Тұрғындардың көбі демалыс аяқ астынан, жоспардан тыс болғандықтан, оқушылардың көтемдегі демалысы қысқартылатын шығар деп жорамалдаған еді. Алайда қалалық білім бөлімі мұндай жорамалды жоққа шығарып, көктемгі демалыс қысқармайды деп мәлімдеді.
- Мейрамда берілетін демалыс қысқартылмайды. Оқушылар 21 наурыздан 2 сәуірге дейін демалады, - дейді қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Дмитрий Журавлев.