Өскеменде Наурыз мейрамына арналған көрме ашылды
Облыстық қорық-мұражайда "Сәлем, Наурыз!" атты көрме ашылды
Бұған Өскемен, Семей, Зырян, Катонқарағай, Ұлан мен Глубокое ауданы, Ново-Баженово мен Шүлбі кентінің шеберлері қолөнер туындыларын қояды.
Мұражайдың баспасөз қызметі хабарлағандай, көрмеге жүннен жасалған, тоқыма өнімдері, кілем, кестелеп салынған сурет пен ойыншықтар, тері мен былғарыдан жасалған туындылар, ағаштан ойылып жасалған қолөнер бұйымдары болады.
Көрме өтетін жер Қ. Қайсенов даңғылы көшесі, 67-үй.