Ертең ШҚО-да су тасуы мүмкін
"Қазгидромет" таратқан ақпаратқа сүйенсек, ертең 18 наурыздан 19 наурызға дейін таулы аймақтарда қар еріп, жазықты су басуы ықтимал
Құтқарушылар су тасқыны болуы мүмкін деп отыр, деп хабарлайды Устинка LIVE.
- Күн райы жылынып, жауын-шашын болуы мүмкін. Соның кесірінен таудың етегіне еріген қардың суы жиналып, жан-жаққа жайылуы ықтимал, - дейді ШҚО ТЖД.