Өскемен қалалық ТЖБ: тұрғындар көшелерімен абайлап жүрсін
Жауынның суы мен еріген қар ғимараттардың төбесіне сүңгі болып қатып қалған
Сондықтан қалалық төтенше жағдайлар басқармасына тұрғындарға көпқабатты үйлер мен ғимараттардың маңында абайлап жүруін өтініп отыр. Төбесіне мұз қатқан үйлерді айналып өту қажет.
- Егер тротуар бойында келе жатып жоғарыдан дыбыс естісеңіз, басыңызды көтеріп, не болып жатқанын көруге тырыспаңыз. Әдетте, бұл құлағалы тұрған сүңгі сырылы болуы мүмкін. Сондықтан дыбысты ести сала, тезірек ғимараттың қабырғасына қарай жақындауға тырысыңыз, - дейді Өскемен ТЖБ баспасөз қызметі Марина Лискова.
Сондай-ақ көлікті де ғимараттың маңайына қоюға болмайды.