ШҚО-да Бұқтырма су қоймасында көпір салу туралы ой тағы да қозғалды
Еуразиялық қайта құру және даму банкі бұл нысанға инвестиция құюға дайын, келісім де жасалған
Облыс әкімі инвесторларға Бұқтырма су қоймасы мен Өскемен қаласындағы Ертіс өзеніне көпір салу туралы ой айтқан, деп хабарлайды Устинка LIVE.
- Біз Сіздергі екі үлкен жобаны ұсынамыз. Ертіс өзеніндегі көпір көлік кептелісін азайтады, ал Күршім ауданында мыстың үлкен кен қоры бар. Алайда біз оны тасу жолдарын жүзеге асыра алмай отырмыз. Сондықтан кен орындары әлі қазылып, ашылған жоқ. Егер ЕҚҚДБ-мен нақты келісімге келсек, онда мемлекет сіздерге сөзсіз қолдау көрсетеді, - деп атап өтті Даниал Ахметов.
Ал Еуразиялық қайта құру банк, өз кезегінде, облыс басшылығымен келісім жасауға әзір екендігін жеткізе отырып, теңге валютасымен инвестиция құюға қызығушылық танытқан.
ШҚО әкімі баспасөз қызметі хабарлағандай, облыс басшылығы мен ЕҚҚДБ арасында серіктестік жөнінде меморандум жасалған.